Нұр-Сұлтан 19.5°
×
06.07.2022, 16:53
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада «Қамқорлық» ерте оңалту-араласу орталығы ашылды

Орталық 3 айдан 3 жасқа дейінгі дамуында ауытқуы бар немесе пайда болу қаупі бар балаларға алғашқы даму кезеңінде кешенді көмек көрсету, атап айтқанда мұнда әртүрлі неврологиялық диагнозы бар балаларды қабылдайтын болады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада «Қамқорлық» ерте оңалту-араласу орталығы ашылды
Фото: Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан

Орталықтың ашылуына Тұңғыш Президент қоры, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, қалалық әкімдік өкілдері қолдау көрсетті.

Елімізде әрқашан бала құқығын қамтамасыз етуге, денсаулығын сақтау мен әлеуметтік қорғауға көп көңіл бөлінген. Мұндай орталықтар біздің балаларымызға неврологиялық ауруларды емдеуге көмектеседі, оңалту және қалпына келтіру процесстерін жеделдетеді. Бұл жерде айына 50-ге жуық баланы қабылдау жоспарланып отыр. Қазір арнайы бағдарламалар жасалды, тәжірибелі мамандардан тұратын команда баланың ерекшелігін ескере отырып, кешенді оңалту үшін барлық жағдайды жасайтын болады, әрқайсысына жеке күтім көрсетіледі, - деп атап өтті қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Балаларды невролог, реабилитолог, ЕДШ кабинетінің дәрігері, педиатр, ортопед, суродолог мамандардан құралған арнайы мультидисциплинарлық команда бақылайтын болады. Сонымен қатар педагогикалық құрам: дефектолог, логопед, эрготерапевт, психолог, ЕДШ нұсқаушылары қызмет көрсетеді.

Балалармен жұмыс істеу үшін орталыққа соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтар сатып алынды: емдеуге арналған әртүрлі жұмсақ модульдер, төсеніштер, “иппотренажер", "Мотомед" тренажері, "Атлант" пневмо-костюмдері, "Корвит" аппараты, көптеген "вертикализаторлар", сондай-ақ залда компьютерлік тренажерлер бар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері