×
05.07.2022, 17:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Көліктік бақылау инспекциясында жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін елордалық Antikor ortalygy алаңында Нұр-Сұлтан қаласының Көліктік бақылау инспекциясы мен жергілікті көліктік тасымалдаушы ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Көліктік бақылау инспекциясында жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Аталған іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласының Көліктік бақылау инспекциясының қызметінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдер талқыланды.

Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының Көліктік бақылау инспекциясына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баяндамасында айтылған мәселелердің шешімін ерекше бақылауда ұстау және ұжым арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шараларын күшейту тапсырылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері