Elorda.info

Елордада жаңа фотоалаң пайда болды

Бүгін елордада туристерге арналған «Neo Nomad - 2022» акциясы басталды, деп хабарлады Elorda.info Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Елордада жаңа фотоалаң пайда болды

Туристерге арналған жаңа жоба «Neo Nomad 2022» (заманауи көшпенді) деп аталады. Турист бір жылдың ішінде еліміздің 20 аймағына барып, арнайы қойылған жиектеменің (рамка) алдында суретке түсуі тиіс. Солайша 20 фотосурет жинаған туристке «Заманауи көшпенді» мәртебесі мен естелік сыйлық табыс етіледі. Тағы бір талап фотосуреттерді Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне арнайы #NeoNomad2022 хэштегімен жариялау қажет. Бүгін арнайы фото алаң Нұр-Сұлтан қаласында алғаш ашылып отыр. Алдағы уақытта барлық 20 өңірде болады, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Оның айтуынша, аталған акция өңірлерде жергілікті әкімдік есебінен жүзеге асырылады. «Осындай фото жиектеме (рамка) таяу арада басқа өңірлерде пайда болады деген үміттемін. «Neo Nomad» жобасының мәні – туристердің көңілді, біртекті фотосуреттерін әлеуметтік желі арқылы жиі жариялау. Бір жағынан - туристік PR қадам», - дейді ол.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Елорда жаңалықтары