Elorda.info

Елордада Роза Бағланова атындағы балалар музыка мектебі ашылды

Қала күні қарсаңында Нұр-Сұлтанда Р.Бағланова атындағы  «MUZ ALEM» атты №2 Балалар музыка мектебі ашылды.

Елордада Роза Бағланова атындағы балалар музыка мектебі ашылды

Ерте жастан балалардың музыкалық қабілетін ашатын орталықтың ашылу салтанатына қалалық әкімдік пен басқарма өкілдері, елорда педагогтары мен оқушылары қатысты.  

Бұл орталық балаларды алты емес төрт жастан бастап қабылдайды. Оған қоса, бұл мектеп үйлердің маңында орналасқан. Яғни ата-аналар да уақыт үнемдейді. Балаларын 5-10 минуттың ішінде қалаған үйірмелеріне апара алады. Бұл ата-анамен қоса, балаларға да жақсы мүмкіндік деп ойлаймын, - деді қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова.

Ашылу салтанатына орай үстіне қазақтың ұлттық киімдерін кигендер домбырамен күмбірлетіп күй шертсе, ал өнерлі бүлдіршіндер ән шырқады.

Мақсатымыз – ерте жастағы балалардың музыкалық қабілетін ашу, ән айту, музыка тыңдау, балалар мен шулы музыкалық аспаптарда ойнауғ музыка мен импровизацяның римтопластикалық көріністер мен практикалық дағдыларын игеру. Орталық осы жылы 100 баланы қабылдауды жоспарлап отыр. Оларға 10 шақты педагог сабақ береді. Мұнда келген балалардың музыкалық қабілетін, дарынын ашуға мүмкіндік береміз. Сондай-ақ олар түрлі өнер жарыстарына қатысып, өнерлерін одан сайын шындай алады, - деді Роза Бағланова атындағы №2 Балалар музыка мектебінің басшысы Владислав Ли.

Бүгінгі іс-шараға балаларын жетектеп ата-аналар да келді. Солардың бірі – елордалық Махаббат Оспанова.

Мен осында 2 қызымды алып келдім. Олардың үлкені 6 жаста, кішісі 4 жаста. Екеуі де өнерге жақын. Үлкен қызымды Қазақ ұлттық өнер университетіне мектебіне дайындап жатырмын. Ол қазіргі кезде вокал, фортепианоға барады.  Осы мектептің ашылып жатқанына біз қуаныштымыз. Себебі ол біздің үйіміздің дәл жанында орналасқан. Енді балаларымызды осында әкеліп, өнерлерін одан сайын дамытамыз деген ойдамыз, - деді Махаббат Оспанова.

 

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Елорда жаңалықтары