Нұр-Сұлтан 18°
×
03.07.2022, 21:12
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған шоу-концерт өтті

Ұлттық домбыра күніне орай елордада "Жас домбыра" шоу-концерті өтті. Кеште танымал күйшілермен қатар әншілер де өнер көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған шоу-концерт өтті

Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні. Жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісіне дөп келетін, ұлттық аспабымызды ұлықтауға арналған бұл мереке 2018 жылдан бері елімізде кеңінен аталып өтеді.

Биыл елорда тұрғындары мен қонақтары бұл мерекеде "Жас домбыра" концертін тамашалады. Әйгілі күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет пен Қазанғаптың күйлері көрерменнің құлақ құрышын қандырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Кеште Айгүл Үлкенбаева, Нұржан Тәжікенов сынды белгілі күйшілер мен танымал әншілер де өнер көрсетті. Олардың қатарында Жұбаныш Жексенұлы, Маржан Арапбаева, Ерболат Құдайбергенов, Қуандық Рахым, Ардақ Балажанова және Әлішер Каримов те болды.

"Жас домбыра" шоу-концерті Тәуелсіздік алаңы, "Қазақ елі" монументінің алдында өтті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері