Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астана күнінде қандай іс-шаралар өтетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Астана күні қарсаңында 600-ге жуық үлескер баспаналарының кілтін алатын болады. Кезекте тұрған 300-ден астам азамат пәтерлеріне қол жеткізеді. Сонымен қатар 100 ауланың абаттандырылуы аяқталалып, пайдалануға беріледі. Ұлы дала көшесіндегі жаңа көпір де жаз айында іске қосылады. Ол қала көшелеріндегі кептелісті азайтады. Ал Тәуелсіздік көпірі келер жылы ашылады, – А.Көлгінов.