Нұр-Сұлтан 22.1°
×
02.07.2022, 14:41
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада сенбілікте 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды (ФОТО)

«Бірге – таза Қазақстан!» экологиялық акциясы аясында бас қалада сенбілік өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада сенбілікте 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды (ФОТО)
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қаланың 26 ұйымынан 500-ден астам адам Сарыбұлақ өзені мен Нұра-Есіл каналының бойындағы аумақты қоқыстан тазартты.

Сенбілікке еріктілер, басқармалар, аудан әкімі аппараттары мен Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаментінің ұжымдары белсенді қатысты.

Бірнеше сағат ішінде қалалық полигонға 20 тонна қоқыс шығарылды.

Іс-шара қоғамның назарын қоршаған ортаның ластану проблемасына, табиғатты сақтаудың маңыздылығына және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері