Нұр-Сұлтан 22.4°
×
02.07.2022, 15:06
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері өтетін апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр. Бүгін, 2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін таныстырды, деп хабарлады Elorda.info

Нұр-Сұлтанда апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Фото: қалалық әкімдіктен

Айта кетейік, биыл тұрғындардың өтініші бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу орны "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңнан "Барыс Арена" мұз сарайына қарама-қарсы аумаққа ауысты. 

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне елордаға жақын орналасқан Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері қатысты. 

Кәсіпкерлердің айтуынша, өнімдер тез сатып алынады, ал бағалар нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің негізгі бөлігі жәрмеңкелерге бірінші жыл қатысып отырған жоқ.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері