Нұр-Сұлтан 22.4°
×
02.07.2022, 14:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада Сабантой мерекесі тойланды (ФОТО)

«Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер бульварында Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен дәстүрлі халықтық Сабантой мерекесі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада Сабантой мерекесі тойланды (ФОТО)
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгінгі Сабантой мерекесімен құттықтаймын. Елорда күні қарсаңында жыл сайын дәстүрге айналған Сабантой өтеді. Барлықтарыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Мерекеде қонақтар түрлі сайыстар мен халықтық ойындарға қатысып, салт-дәстүрлермен, сәндік-қолданбалы өнермен және қолөнермен танысты, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Сабантой мерекесінде Қазан қаласының танымал әртістері Татарстан Республикасының Халық әртісі Илсаф (Ильсур Сафин), халықаралық байқаулардың лауреаты Әлия Карачурина, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының және татар-башқұрт орталығының жетекші солистері мен ұжымдары арнайы өнер көрсетті.

«Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер бульварында Сабантой мерекесі өтіп жатыр. Бұл мереке халықты концерт, спорттық ойындар арқылы біріктіреді. Мерекеге жиналғандардың қарасы мол. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - дейді «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Дамир Султанов.

Сондай-ақ мерекеде Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың құттықтауы оқылып, алғыс хаттар тапсырылды.

Сахнада бейнеленген татар халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы тамаша көрініске келушілер ризашылықтарын білдірді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері