Нұр-Сұлтан 22.1°
×
01.07.2022, 20:56
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

2025 жылға қарай ерекше қажеттіліктері бар адамдарға елорданың барлық нысанын бейімдеу жоспарланып отыр

Елордада «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қаланың 1 295 инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарын паспорттау және оларға қолайлы ету жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

2025 жылға қарай ерекше қажеттіліктері бар адамдарға елорданың барлық нысанын бейімдеу жоспарланып отыр
Фото: ашық дереккөзден

2021 жылы Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр, Есіл аудандары әкімдерінің аппараттарымен нысандардың тізімдерін қалыптастыру және паспорттау мен бейімдеуді жүргізу бойынша жұмыс топтары құрылды. Бұл жұмысты үйлестіруді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жүзеге асырады. Өткен жылы 259 денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, шағын және орта бизнес нысандарын, мемлекеттік мекемелерді, ХҚО филиалдарын, Қазпошта, әуежай ғимараттарын, вокзалды бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мекемелер пандустармен, арнайы бейімделген лифтілермен, дәретханалармен, зағип жандарға арналған бағыттаушы белгілермен және т.б. толық қамтамасыз етілген.

2022 жылы бұл жұмыспен 260 нысан қамтылады. Оның ішінде 4-еуі – мемлекеттік мекеме, 158-і – ШОБ, 20-ы – денсаулық сақтау, 19-ы – мәдениет, 59-ы – білім беру нысаны. Бүгінгі күні жұмыс топтары арнайы барып, 104 нысан тексерілді. Бұл жұмысты нысандардың меншік иелері (баланс ұстаушылары) ҚНжЕ талаптарына сәйкес белсенді жүргізеді, мониторингтік топтар берген ескертулер жойылады.

Қаланың паспортталған және бейімделген объектілері туралы ақпаратты «мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында (inva.gov.kz) «қолжетімділіктің интерактивті картасы» бөлімінен табуға болады.

2025 жылға қарай ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қаланың барлық нысанын бейімдеу жоспарланып отыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері