Нұр-Сұлтан 22.1°
×
01.07.2022, 14:23
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов кезекті рет азаматтарды қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады

Азаматтарды жеке қабылдау барысында 2 апта ішінде тағы 70 отбасымен кездестім, онда 150-ден астам проблема көтерілді. Сол сияқты азаматтарды қабылдау кезінде қала тұрғындары түрлі жобаларды ұсынатыны, оның ішінде әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы ұсыныстары қуантады. Келіп түскен сұрақтар бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Көтерілген проблемаларды ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада әлеуметтік нысандар (тұрғын үй, мектептер, медициналық орталықтар) құрылысы артты, елді мекендер жоспарлы түрде дамып келеді, қаланы газдандыру жұмысы жүріп жатыр, жыл сайын 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырамыз, жолдар/көпірлер саламыз және т.б, – деп жазды А.Көлгінов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері