Нұр-Сұлтан 20.8°
×
01.07.2022, 08:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елордада жыл басынан 700-ден астам ұрлық жасалған

Нұр-Сұлтанның Есіл ауданында жыл басталғалы бері 760-қа жуық ұрлық жасалған, деп хабарлады Elorda.info «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Елордада жыл басынан 700-ден астам ұрлық жасалған
Фото: Ашық дереккөз

Қазіргі кезде әсіресе есігі ашық қалған пәтерлер мен қоғамдық орындардағы ұрлық деректері көп екен. Мәселен, биыл осы аудан бойынша 10 темір тұлпар ұрланған.

Жер үйлерге кіретіндер бар. Терезені ығыстыу арқылы дейміз. Қаланың шеткі аймақтарында жер үйлерге кіретін ұрлықтар азайған емес, болып жатыр. Мұны тоқтату үшін әр үйді аралап терезеге қауіпсіздік тогрын орнату туралы ескертпе айтыпе келеміз, азаматтарымызды қосымша ақпараттандырамыз, - деді қалалық ПД Есіл аудандық полиция басқармасының бөлім бастығы Самғат Тынышев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері