Нұр-Сұлтан 22.1°
×
30.06.2022, 10:56
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Қошқарбаев даңғылындағы учаске уақытша жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Рақымжан Қошқарбаев даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Қошқарбаев даңғылындағы учаске уақытша жабылды

Жөндеу жұмыстарына байланысты 30 маусым мен 5 шілде аралығында Қошқарбаев даңғылының Қордай көшесінен Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері