Нұр-Сұлтан 22.1°
×
29.06.2022, 17:38
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алтай Көлгінов әкімдіктің неліктен «ЦУМ» ғимаратын сатып алғанын айтты

Елорда әкімі Алтай Көлгінов әкімдіктің «ЦУМ» ғимаратын не себепті сатып алғанын түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info.

Алтай Көлгінов әкімдіктің неліктен «ЦУМ» ғимаратын сатып алғанын айтты
Фото: ашық дереккөзден

Біздің  ведомствоға қарасты көптеген ұйымдар мен бөлімдер бар. Біздің 30-ға жуық ұйымның өзінің меншікті ғимараты жоқ, мемлекет ақшасын жұмсап, қала бойынша жалға алады. Біз жылына шамамен миллиард теңгедей жалға алуға жұмсап отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, жылда жалдау бағасы қымбаттап, өсіп келеді. Сол себепті экономикалық жағдайымызды ескере отырып, меншік иелерінен сатып алуды жөн санадық. Қазір ведомствоға қарасты ұйымдардың бір бөлігі сонда отыр, - деп түсіндірді әкім.

Сондай-ақ Көлгінов бұл ғимаратқа Жұмыспен қамту орталығы, iKomek 109, Astana Invest, Astana Innovations және т.б. қызмет түрлерінің келетінін айтты.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері