Нұр-Сұлтан 17.9°
×
29.06.2022, 20:08
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада робототехникадан республикалық чемпионат басталды

Елордада мектеп оқушылары арасында робототехника бойынша республикалық чемпионат басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада робототехникадан республикалық чемпионат басталды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бұл жарысты 2014 жылдан бастап ұйымдастырып келеді.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, World Robot Olympiad-2022 чемпионаты «Менің роботым – менің досым» деген атаумен роботтарға арналып отыр.

Төрт санат бойынша өтетін олимпиадаға қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша үш топқа бөлінген.

Додаға өңірлік жарыстардың нәтижелері бойынша аймақтан 109 команда жолдама жеңіп алыпты. Олардың дені 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары. Жартысынан астамы – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім алушылары.

Екі күнге жалғасатын республикалық олимпиаданың қорытындысына сәйкес ең жоғары ұпай жинаған команда күзде Германияның Дортмунд қаласында өтетін WRO-2022 халықаралық кезеңіне жолдама алады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері