Нұр-Сұлтан 22.1°
×
29.06.2022, 10:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада су добынан Қазақстан кубогы өтті

Нұр-Сұлтанда жасөспірімдер арасында  алғаш рет Халықаралық Олимпиада күніне орай 2005 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында су добынан Қазақстан кубогы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада су добынан Қазақстан кубогы өтті

Жарыс ережесі бойынша әр ойын 4 кезеңге бөлінді, олардың әрқайсысы 8 минутқа созылды. Барлығы 10 ойын өткізілді. Іріктеу жарыстарынан кейін екі күннен соң жартылай финалға Astana-2 командасы мен Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат құрамасы шықты.

Үшінші орын үшін күрес тартысты болды. Финалда Тараз және Нұр-Сұлтан қалаларының құрамалары күш сынасты. Нәтижесінде Тараз құрамасы жеңіске жетті, Нұр-Сұлтан командасы күміс жүлдегер атанды.

Жарысқа қатысқан спортшылардың бәрі естелік сыйлық, медаль және кубоктармен марапатталды. Оларды Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, еркін күрестен Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Гюзель Манюрова құттықтады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері