Нұр-Сұлтан 15.9°
×
29.06.2022, 08:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы іске қосылады

2 шілдеден бастап елордада Жеңіс даңғылы бойымен Есенберлин көшесі – Бөгенбай даңғылы аралығында қоғамдық көлікке арналған жолағы (BusLane) бар 7 жолақты қозғалыс енгізіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы іске қосылады
Фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі күні осы даңғылмен 15 қалалық бағдар жүреді, ал бұл барлығы – 175 автобус.

Осылайша аталған учаскеде қоғамдық көлік, жедел жәрдем, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру техникасының қозғалысы үшін артықшылық жасалады. Сондай-ақ, қарбалас сағаттарда аялдамаларда жолаушылардың күту уақытын 18%-ке дейін қысқартуға мүмкіндік береді, - делінген City Transportation Systems хабарламасында.

Даңғылда қозғалыс жолақтарының ені ұлғайтылады және реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде көліктің бұрылуы үшін алаңдар жабдықталады, бұл жол қиылыстарындағы жүктемені азайтады. Қазір осы учаскелерде жол белгілерін белгілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

CTS тұрғындардан өзгерістерді ескеріп, жолда қырағы болуды және бағдарды алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері