Нұр-Сұлтан 22.9°
×
22.06.2022, 17:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық колледж түлектеріне диплом тапсырылды

Бүгін Жоғары көлік және коммуникация колледжі түлектерінің биылғы алғашқы буынына диплом тапсыру салтанаты өтті, деп хабарлады Elorda.info

Елордалық колледж түлектеріне диплом тапсырылды

Құрметті колледж түлектерінің ата-аналары! Сіздердің өсірген балаларыңыз бүгін өздерінің үлкен нәтижелерін көрсетіп, диплом алып отыр. Оның өзі сөзсіз үлкен мақтанышқа лайық. Жас түлек бүгінгі дипломдарыңыз құтты болсын, - деп ақ тілегін жолдады Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры Зулфухар Ғайыпов.

Салтанатты мерекеде колледждің әлеуметтік серіктестіктері, ата-аналар және бітіруші студенттер құттықтау сөздерін айтып, ақ жол тіледі.

Барша ата-аналар қауымы атынан 4ПМ-218 тобының бітіруші түлегі Рахат Шүкіровтің анасы Алма Назырова ақ батасын берді.

Бітіруші түлектер атынан 4ЭМ-418 тобының түлегі Әсел Құрманаева колледж ұжымына алғысын білдіріп, түлектерге сәт сапар тіледі.

Мерекелік құттықтаудан кейін бітіруші түлектерге салтанатты түрде колледж дипломы мен колледждің қоғамдық жұмысына белсенді атсалысқаны үшін мақтау қағаздары табысталды.

Айта кетейік, биыл Жоғары көлік және коммуникация колледжін 381 түлек бітіріп отыр.

Арнұр Ералханұлы

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері