Нұр-Сұлтан 24.5°
×
22.06.2022, 16:18
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада 21 су айдынына шомылуға тыйым салынды

Суға шомылу маусымы басталғаннан бері елордалық құтқарушылар күшейтілген режимде жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілуде, деп хабарлады Elorda.info

Елордада 21 су айдынына шомылуға тыйым салынды
фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті адамдардың суда қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау бойынша барлық қажетті іс-шараларды қарқынды өткізіліп жатыр. Күн сайын қаланың су айдындарында халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Су айдындарында тыйым салатын қалқымалы белгілер мен ақпараттық стендтер орнатылған.

Атқарылған жұмыстарға қарамастан, бүгінге дейін елорданың су айдындарында 3 адам суға кетті, оның 3-еуі де бала. Былтыр осы аралықта 2 адам суға кетіп, көз жұмды. Қаза болу фактілері суға шомылуға тыйым салынған және арнайы жабдықталмаған су айдыны аумағында тіркелген. 2022 жылы 4 адам құтқарылды. Алайда серуендеуге шыққандар құтқару қызметкерлерінің ескертуін елемей ғана қоймай, оларға дауыс көтеріп, намысын таптайтындар, сол сияқты тыйым салу белгілері мен стендтерді бұзатындар да бар, – дейді Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген.

Бүгінде Нұр-Сұлтанда шомылуға тыйым салынған 21 су қоймасы бар. Олардың қатарында – Шұбар елді мекеніндегі Есіл өзені, Газмашаппаратура, Тельман, Триатлон паркі, Депутаттық қалашық, Қарасу өзені, Ақбұлақ өзені, Нұра-Есіл арнасы және т.б. бар.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде қалада шомылуға рұқсат етілген үш учаске бар: «Орталық қалалық жағажай», «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтары.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері