Нұр-Сұлтан 21.3°
×
22.06.2022, 15:38
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Қазақстан» ОКЗ-да балаларға кино тегін көрсетіледі

Жаз мезгілінің басынан бастап Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымы «Жазғы кино» жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан» ОКЗ-да балаларға кино тегін көрсетіледі

Жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінен келген балалар жаз айларында «Қазақстан» ОКЗ-да өтетін кинокөрсетілімдерге тегін бара алады.

Жоба балаларды халқымыздың мәдени құндылықтарымен таныстыру, ішкі әлемдерін байыту және өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуы мақсатында жүзеге асырылады. Бұл жұмыс «Қазақфильм» АҚ және «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ бірлесіп, балалар жылы аясында жүзеге асырылып отыр.

Маусым айының басынан бері 4 000-нан астам бала отандық үздік мультфильмдер мен көркем фильмдерді көріп үлгерді.

Көрермендердің алдында жаңа қазақстандық кинофильмдер мен анимациялық фильмдер көрсетіледі. 24 маусым күні сағат 15:00 және 19:00 – де «Нартай» фильмі, 25 маусым күні сағат 12:00 және 18:00 - де «Ұлы дала таңы» фильмі, 27 маусым күні сағат 12:00 және 19: 00-де «Паралимпиадашы» фильмі көрсетіледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері