Нұр-Сұлтан 24.5°
×
22.06.2022, 12:51
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада жаңа субұрқақтар іске қосылды

Нұр-Сұлтанда 200-ден астам қоғамдық және аула кеңістігі абаттандырылып жатыр, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.  

Елордада жаңа субұрқақтар іске қосылды
Фото: ашық дереккөзден

Биыл қала тұрғындарын жұмылдыра тырып, қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Қаланың барлық ауданында, оның ішінде тұрғын үй алаптарында 200-ден астам қоғамдық және аула кеңістігін абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр, - деп мәлім етті Нұр-Сұлтан қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы агенттік тілшісінің сауалына орай.

Мәселен, басқарма мәліметінше, Урбанистика орталығы Кенесары мен Бейбітшілік көшесі ауданындағы тарихи алаңды қайта жөндеу жобасын жүзеге асырды. Аумақта 3 субұрқақ кешені іске қосылды: жиынтық-аркалы туннельді субұрқақ, тұманды субұрқақ, бүріккіш әсері бар субұрқақ. Амфитеатр салу және көгалдандыру жұмысы аяқталды.

Бейбітшілік көшесіндегі орталық қалалық алаңды жайта жөндеу жалғасып жатыр.

Осы жылы қала аумағында 11 саябақ салу жоспарланғаны хабарланған еді. Оның екеуі Есіл, екеуі Алматы, үшеуі Сарыарқа және төртеуі Байқоңыр ауданында орналасады. Сонымен қатар 5 табиғат қорғау нысаны бойынша жобалау-ізденіс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері