Нұр-Сұлтан 11.6°
×
09.06.2022, 16:25
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада балаларға нашақорлықты алдын алу жөнінде іс-шара өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Есірткісіз ұлт» нашақорлықтың алдын алу жөніндегі қазақстандық қауымдастық» ЗТБ елордалық балалар мен олардың ата-аналары үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада балаларға нашақорлықты алдын алу жөнінде іс-шара өтті

«Есірткісіз ұлт» нашақорлықтың алдын алу жөніндегі қазақстандық қауымдастық» ЗТБ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, ҚР ІІМ, Қазақстан-Ресей болат өнеркәсібі компаниясының, «Komek Center» психологиялық көмек орталығының және «Balbobek» балалар тауарлары гипермаркетінің қолдауымен балалар мен ата-аналардың қатысуымен отбасылық тақырыпқа арналған «Мықты отбасы» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Оған отбасылық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ата-аналар мен балаларға арналған ойындар өткізген аниматорлар қатысты. Есіл өзенінің жағасында таза ауада әзірленген кәуап пен палау іс-шараның көркін арттыра түсті. Балалар спорттық жарыстар мен ойындарға қатысып жатқанда, ата-аналар дөңгелек үстелде бас қосып, есірткінің зияны мен қаупі туралы талқылады.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері