×
19.06.2022, 13:13
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Nur-Sultan Half Marathon-2022: 10 шақырымды кімдер бағындырды

Таңғы 7:40-та марафонды бірінші болып 10 км-ге қатысушылар, скандинавиялық жүріс және арбамен жүретін қатысушылар бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Nur-Sultan Half Marathon-2022: 10 шақырымды кімдер бағындырды
фото: Василий Крысь

Он шақырымға жүгіруге ниет білдірушілер екі жас санатына бөлінді. Ерлер арасында (15-34 жас) бірінші болып 31 минут 41 секунд уақыт нәтижесі бойынша Алексей Гусаров келді. Алматы қаласының тұрғыны Руслан Оглов екінші болып мәреге жетті. Ол он шақырымды 32 минут 22 секундта жүгіріп өтті. Гумтатов Тимирлан 35 минут уақыт нәтижесі бойынша мәреге үшінші болып келді. Әйелдер арасында Диана Айдосова он шақырымды 38 минутта бағындырды. Асем Кабдуш екінші болып мәреге жетті. Ал үшінші болып Гүлжанат Самигуллиева келді.

Дәл осы шақырымда жүгіруге 35-49 жас аралығындағы қатысушылар да қатысты. Ерлер арасында бірінші болып Кузнецов Роман жүгіріп өтті (36 минут 36 секунд). Еркебұлан Аташов мәреге екінші болып жетті (36 минут 54 секунд). Талғат Мұссабеков он шақырымды үшінші болып бағындырды (39 минут 07 секунд).  Әйелдер арасында Светлана Куделин 37 минутта бірінші болып мәре сызығына жетті. Толқын Нурушева  екінші болып жүгіріп өтті. Мәреге үшінші Татьяна Миргородская келді.

Мен 21.1 км-ге жүгірдім. Бұл марафонға Семей қаласынан келдім. Осындай спорттық шараға екінші рет қатысып тұрмын. Жүгіру марафонына қатысу арқылы ең бірінші өз күшімді сынап көргім келді. Дайындығым орташа болғанымен, бастысы өз алдыма қойған мақсатымның біріне жеттім,-дейді  Семей қаласының тұрғыны Нұрқат Нариман.

Мәреден кейін барлық қатысушылар үшін  сахнада музыкалық топтардың орындауымен шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сондай-ақ жартылай марафон серіктестерінің ұтыс ойындарымен үлкен ойын-сауық бағдарламасы өтті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері