Нұр-Сұлтан 9.9°
×
18.06.2022, 11:52
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада мемлекеттік мекеме қызметшілері арасында спартакиада басталды

Қалалық №5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде «Сарыарқа» ауданы әкімдігі және қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен спартакиада өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада мемлекеттік мекеме қызметшілері арасында спартакиада басталды
фото: Сұлтан Сейіт

Қазақстан Полициясы және Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған спорттық жиынға 10-ға жуық мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысуда.

Спорттық іс-шараның ашылу салтанатында «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Алтынай Зарлыққызы барлық қатысушыларды алдағы кәсіби мерекемен құттықтады.

Бүгінгі спартакиаданың басты мақсаты мемлекеттік қызметкерлердің арасында әріптестік байланысты нығайту, ұжымдық рухты көтеру. Спорттық ойынға қатысу арқылы өзге әріптестермен араласып, тәжірибелерімен бөлісу деп түсінеміз. Барлық командаларға сәттілік  тілеймін, – деді Алтынай Зарлыққызы.

Айта кетейік, спартакиада тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, волейбол және футбол спорт түрлерінен өтеді.

 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері