Нұр-Сұлтан 9.9°
×
15.06.2022, 18:28
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада запастағы әскери міндеттілер жиынға шақырылды

Нұр-Сұлтанда 70-тен астам запастағы офицерлер, сержанттар мен сарбаздар аумақтық қорғаныс құрамасына әскери міндеттілердің он күндік жиынына шақырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада запастағы әскери міндеттілер жиынға шақырылды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Сабақтар запастағы әскери қызметшілердің тағайындалған лауазымдарына сәйкес, әскери істегі білімі мен дағдыларын жетілдіру мен негізгі міндеттерді орындауға дайындау мақсатында жоспарлы тәртіппен жүргізілетін болады.

Запастан шақырылған барлық азаматтар әскери қызметке жарамдылығын куәландыру үшін медициналық тексерістен өтті.

Әскери міндеттілер жиын барысында жауынгерлік үйлестіру іс-шараларына қатысады. Объектілерді күзету мен қорғауды ұйымдастыру, сондай-ақ диверсиялық топтарға қарсы күрес жүргізу кезіндегі іс-қимылдар зерделеніп, іс жүзінде пысықталатын болады.

Оқу-жаттығу жиындары астаналық аумақтық қорғаныс құрамасының базасында өтуде. Қатысушылар жатын орынмен, азық-түлікпен және киім-кешекпен толық қамтамасыз етілген. Бұдан өзге, жиындар кезінде запастағы әскери міндеттілердің жұмыс орындары сақталып, оларға орташа айлық жалақы төленеді, – делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері