Нұр-Сұлтан 9.9°
×
02.06.2022, 17:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мәжіліс депутаты санэпидқызмет мамандарымен референдумның маңызын талқылады

Нұр-Сұлтан қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамертінде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын түсіндіру, сондай-ақ 2022 жылы маусымның 5 күні өтетін республикалық референдум бойынша еркін форматта жиын өтті, деп хабарлады Elorda.info департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты санэпидқызмет мамандарымен референдумның маңызын талқылады
Фото: дереккөз

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова жиналған санэпидқызмет мамандары мен тікелей эфир көрермендеріне қысқаша баяндама жасады.

Конституцияның қазіргі және жаңа нұсқаларының айырмашылығын түсіну, ұсынылып отырған көптеген түзетудің байыбына бару қала тұрғындары үшін, тіпті арамыздағы кейбір мамандар үшін қиындық туғызатыны анық. Сондықтан еліміз үшін 5 мамыр күні өтетін маңызды іс-шараны түсіндіру мақсатында департамент тарапынан халық қалаулыларымен бірге осындай дәріс жиындарын өткізуді қолға алдық, – деді департамент басшысы. 

Осыған орай, жиналған қауымның алдында референдумның маңызы жөнінде Парламент Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова түсіндіріп берді.

Мамандар тарапынан халық қалаулысына өзекті сұрақтар қойылды.

Мәжіліс депутаты сөз соңында қызметкерлерге сәттілік тілей отырып, санитарлық қызметтің қоғам үшін орасан зор пайдасын айтты. Оған қоса, маусымның 5-інде өтетін республикалық референдумға дауыс беруге шақырды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері