Нұр-Сұлтан 16°
×
29.05.2022, 14:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада 500-ге жуық қала тұрғыны қатысқан велошеру өтті (ФОТО)

Бүгін елордада веломаусымның ашылуына және Балалар жылына орай жаппай бұқаралық велошеру өтті, деп хабарлады Elorda.info

Елордада 500-ге жуық қала тұрғыны қатысқан велошеру өтті (ФОТО)
Фото: дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен велошеру қатысушылары екі қашықтықты бағындырды.

Алдымен велошеруге қатысушылар 20 шақырымдық үлкен қашықтықтықтан бастады. Үлкен қашықтықтың басы елорда маңындағы Қосшы елді мекеніндегі айналма веложолдан басталып, Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетті.

Ал 3 шақырымды бағындыруға келген қала тұрғындары үлкен қашықтықты жүріп өткен қатысушыларды мәреден күтіп алды.

Әрмен қарай кіші қашықтықтың қатысушылары Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында бастап, сол жерден мәрені аяқтады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Алмас Емелтайұлы велошеру қатысушыларын веломаусымның ашылуымен құттықтады. 

Бүгінгі веломаусымның ашылуына және Балалар жылына орай ұйымдастырылған бұқаралық велошеруге қатысқандарыңызға қуаныштымыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қаламызда бірнеше ірі жарыс өтіп жатыр. Соның бірегейі – бүгінгі қала тұрғындары мен қонақтары арасында ұйымдастырылған бұқаралық велошеру. Бүгінгі велошеру жастарды спортқа баулуға және салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі деп сенемін. Барлық қатысушыларға сәттілік пен үлкен жеңістер тілеймін! – деді ол.

Қалалық Спорт басқармасы басшысының орынбасары соңғы жылдары елорда тұрғындарының бұқаралық спортқа ерекше қызыға бастағанын, қаламызда көптеген халықаралық жарыс өткізілетінін, осылайша, жалпы спорт мәдениетінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын да атап өтті.

Бүгінгі спорттық шеруге 500-ге жуық елордалық қатысып, іс-шараның көрігін қыздырды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері