Нұр-Сұлтан 14.5°
×
28.05.2022, 20:23
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алтай Көлгінов Сорғы-сүзгі стансасының құрылысымен танысты (ВИДЕО)

Қала тұрғындарының жыл сайын өсіп келе жатқанын ескерер болсақ, инженерлік желілерге де түсетін күш артып келеді. Алдағы уақытта жаңа аудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету және қазіргі қуатын арттыру үшін өткен жылдан бастап сорғы-сүзгі стансасының (ССС-3) құрылысы басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің instagram-парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info

Алтай Көлгінов Сорғы-сүзгі стансасының құрылысымен танысты (ВИДЕО)
Фото: дереккөз

Елорда әкімі қаланы аралау кезінде ССС-3 құрылысының барысымен танысқан.

Оның айтуынша, нысан ішінара осы жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі.

2023 жылдан бастап жаңа ССС-3 жұмысының қуатын арттырамыз. Мәселен қазір тәулігіне 300 мың текше метр тұтынатын болсақ, ССС-3 қуаты тәулігіне қосымша 100 мың текше метрден асады. Сол сияқты жаңа аудандарды жылумен қамту үшін ЖЭО-3 құрылысын қайта бастадық, жергілікті 3 газ қазандығын жобалау жұмысы жүріп жатыр. Сондай-ақ кәріз тазарту құрылысын (КТҚ-2), «Арай», «Жұлдыз» және т.б. қосалқы станцияларды жобалау және реконструкциялау жұмысы қолға алынды. Маңызды мәселелердің бірі – газдандыру. Алматы және Сарыарқа аудандарын толықтай көгілдір отынға қол жеткізумен қамтамасыз еттік. Ол үшін 680 км-ден астам газ тарату желісі салынды. Байқоңыр және Есіл аудандарына газ құбырының құрылысына кірістік, – деп жазды елорда әкімі өзінің instagram-парақшасында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері