Elorda.info

Полиция астанада баннердің құлауына байланысты қылмыстық іс қозғады

Күні кеше елордада әйел мен кәмелетке толмаған баланың үстіне баннер құлап, екеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген еді. Полиция бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция астанада баннердің құлауына байланысты қылмыстық іс қозғады

ПД мәліметінше, оқыс оқиға салдарынан 12 жастағы қыз бен 34 жастағы келіншек зардап шеккен.

26 мамырда Алматы аудандық Полиция басқармасына Бейбітшілік және келісім сарайының бас кіреберісінің алдында қатты желден баннер оң жаққа қарай қисайып, құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті, - деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Оқи отырыңыз: Елордада “Тәуелсіздікке 30 жыл” деген жазуы бар баннер адамдардың үстіне құлап кетті

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы («Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі де жағдайға түсініктеме берді.

Конструкция талаптарға сәйкес арнайы арматурамен және анкерлермен бекітілді. Дегенмен мердігер ұйымға қатысты өз міндеттемелерін жосықсыз орындау туралы ұйғарым дайындалуда, – деп хабарлады аудан әкімдігінің өкілдері.

 

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Елорда жаңалықтары