Elorda.info

Елордада Orange BeNeLux Bicycle Tour қалалық велошеруі өтеді

29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Бүкіләлемдік велосипед күніне орай Orange BeNeLux Bicycle Tour қалалық велошеруі өтеді. Оған 16 жастан асқан барлық ниет білдірушілер қатыса алады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада Orange BeNeLux Bicycle Tour қалалық велошеруі өтеді

Велошерудің бастамашысы Қазақстандағы Нидерланд корольдігінің елшілігі болды. Іс-шараны елорда әкімдігінің қолдауымен қазақстандық Велоспорт және триатлон федерациялары ұйымдастырды.
Велошерудің жалпы қашықтығы 12 шақырымды құрайды. Қатысушылар 29 мамыр күні сағат 8:00-де Ақмешіт көшесіндегі MEGA Silk Way СОО-дан бастау алады. Бағыт келесі көшелермен өтеді: Ақмешіт-Түркістан-Керей Жәнібек хандар-38-Әбіш Кекілбайұлы-Мәңгілік Ел-Рысқұлов. Осыған байланысты қала көшелерінің бір бөлігі 29 мамырда сағат 08:00-ден 09:00-ге дейін жабылады.

Велошеруге 600 адам қатысады. Велошеру басталғаннан кейін Astana Hub базасында Нидерланд Корольдігінің Үкіметі мен Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылған панельдік пікірталас өтеді. Талқылау велосипед мәдениеті мен инфрақұрылымына, сондай-ақ алғаш рет қазақ және орыс тілдеріне аударылған Нидерландыдағы веломәдениет туралы кітаптың тұсаукесеріне арналады.

Дүниежүзілік велосипед күні 2018 жылдан бастап жыл сайын 3 маусымда атап өтіледі және велосипедті пайдаланудың артықшылықтарына назар аударады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлап, түсіністікпен қарауды сұрайды.
 

 

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Елорда жаңалықтары