Нұр-Сұлтан 14.5°
×
28.05.2022, 14:33
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада аула клубтарының жас спортшылары өнер көрсетіп жатыр

Бүгін Балалар жылына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» мекемесі спорттық турнирлер ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада аула клубтарының жас спортшылары өнер көрсетіп жатыр
Фото: Сұлтан Сейіт

Жалпы жарысқа 26 аула клубының 500-ден астам мүшесі қатысып жатыр. Олар қазақша күрес, тоғызқұмалақ, арқан тарту, каратэ, армрестлинг, футбол сынды спорт түрлерінен, сондай-ақ домбыра тартып, би билеуден де сынға түсуде.  

Бұл жолы «Жас қанат», «Астана», «Бәйтерек», «Береке» және «Жар-Жар» аула клубтарының командалары өнер көрсетті. 

Жарыс қортындысы бойынша «Жас қанат» командасы 1-орын алса, «Астана» мен «Береке» аула клубтарының жас спортшылары 2 және 3-орындарды өзара бөлісті.  

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері