Нұр-Сұлтан 16.2°
×
26.05.2022, 17:23
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алтай Көлгінов Дүниежүзілік гимназиада жеңімпаздарымен кездесті

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Дүниежүзілік гимназиаданың жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Алтай Көлгінов Дүниежүзілік гимназиада жеңімпаздарымен кездесті
Фото: Александр Куприенко

Бүгін XIX жазғы Дүниежүзілік гимназиаданың жеңімпаздарымен, жүлдегерлерімен кездестім. Оқушыларымыз Гимназиадаға (Нормандия, Франция) алғаш рет қатысып, спорттың бірнеше түрінен керемет нәтиже көрсетті: жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, садақ ату, бокс, грек-рим күресі, күрес және т.б. Елорданың 16 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы үздік үштікке енді.

Айта кететінім, әр баланың өзіндік таланты бар: бірі мектептің нақты бір пәніне бейімді болса, енді бірі спортқа, шығармашылыққа құштар болып келеді. Қандай нәтижеге жетсе де балаларға қолдау көрсетіп, әлеуетін ашуына көмектесу керек. Ал мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетіледі, – деді А.Көлгінов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері