Нұр-Сұлтан 13.2°
×
25.05.2022, 17:39
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорда әкімдігі 75 жер учаскесін сатып алады

Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXV сессиясында Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов айтты, деп хабарлады Elorda.info

Елорда әкімдігі 75 жер учаскесін сатып алады

Біз қалалық мәслихаттың қарауына сегіз нысан бойынша 75 жер учаскесін сатып алу жобасын енгіземіз. Жер телімдерінің жалпы көлемі үш гектарды құрайды, жобаның құны – 713 млн теңге, – деді А.Саипов. 

Басқарма басшысы әкімдік сатып алатын нысандарды атап өтті: 

Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшесінің қиылысындағы тұрғын үй кешені; 

Шарль де Голль және Тоқпанов көшелерінің қиылысындағы құрылыс объектісі; 

Ш. Айтматов көшесіндегі құрылыс объектісі; 

Республика даңғылы мен Алтынемел, Құтпанов, Гете көшелерінің қиылысындағы тұрғын үй кешені; 

Қосшығұлұлы көшесіндегі сегіз тұрғын үйді абаттандыру; 

Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында салынып жатқан әкімшілік ғимарат; 

Есіл өзенінің бойында салынып жатқан Тұран даңғылы мен №227 көшенің қиылысындағы әкімшілік ғимарат. 

А.Саиповтың айтуынша, аталған жер учаскелерінің иелері әкімдік ұсынған өтемақы сомаларымен танысты.

Айдана Сулейменова,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері