Нұр-Сұлтан 16°
×
25.05.2022, 12:38
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Әлкей Марғұлан сыйлығының иегерлері марапатталды (ФОТО)

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 11-сынып оқушыларына арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Әлкей Марғұлан сыйлығының иегерлері марапатталды (ФОТО)

Мектеп директоры Женкелді Базыл барша жас түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап, 17 жыл бойы жалғасын тапқан дәстүрлі шараларының бірі – Әлкей Марғұлан сыйлығының иегерлерін марапаттады.

«Әлкей Марғұлан атындағы сыйлық» 1-4, 5-8, 9-11-сыныптар арасында білімімен, өнерімен, спорттағы жетістігімен ерекше көзге түскен оқушыларға табысталады. Сыйлық 7 номинация бойынша беріледі. Олар: «Үздік оқушы», «Өнерпаздар мен өнертапқыштар», «Парасатты, мәдениетті оқушы», «Жыл спортшысы», «Жас өнерпаз», «Жас оқырман», «Зерделі оқушы» және «Сегіз қырлы, бір сырлы».

1-4-сыныптар арасында «Үздік оқушы» номинациясын 4 «В» сынып оқушысы Жылқыбай Назым, «Жас ізденімпаз» номинациясын 4 «Б» сынып оқушысы Талдыбай Әділжан, «Жас өнерпаз» номинациясын 4 «В» сынып оқушысы Болат Ақмарал иеленді. 5-8-сыныптар арасында «Жас оқырман» номинациясын 5 «Б» сынып оқушысы Сабыр Ерсұлтан, «Жыл спортшысы» номинациясын 8 «Б» сынып оқушысы Рақымжан Ернар, «Өнерпаздар мен өнертапқыштар» номинациясын 7 «Ж» сынып оқушысы Жеңіс Балнұр, «Үздік оқушы» номинациясын 8 «А» сынып оқушысы Төлеубаева Айым иеленді. 9-11-сыныптар арасында «Үздік оқушы» номинациясын 10 «А» сынып оқушысы Шарипов Берік, «Зерделі оқушы» номинациясын 10 «Ә» сынып оқушысы Кенжетай Амина, «Парасатты, мәдениетті оқушы» номинациясын 11 «А» сынып оқушысы Әбішева Жансая, «Өнерпаздар мен өнертапқыштар» номинациясын 10 «А» сынып оқушысы Құттыбосын Нариман, «Жыл спортшысы» номинациясын 11 «Ә» сынып оқушысы Ермекбай Амина, «Жас оқырман» номинациясын 11 «А» сынып оқушысы Қабыкен Мөлдір, «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясы бойынша «Марғұлан сыйлығының» иегері 11 «А» сынып оқушысы Мейрамұлы Ерсайын атанды.

Биылғы оқу жылында 1-11-сыныптар бойынша 210 оқушы үздікке, 718 оқушы жақсыға бітірді.

Сондай-ақ, мектеп түлектері қоштасу вальсін билеп, ән-шашуларын арнады. 1-сынып бүлдіршіндері аға-әпкелеріне өз өлең-тілектерін жолдады.

Салтанатты жиын ғалымның кені болған академик Әлкей Марғұлан маршымен аяқталды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері