Нұр-Сұлтан қаласының солтүстік-батыс айналма жолының учаскесі уақытша жабылды, деп хабарлады Elorda.info Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласының солтүстік-батыс айналма жолының учаскесінде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша тоқтады, - делінген ведомство хабарламасында.
Полиция департаменті транзиттік көлік пен жүк көлігінің жүргізушілеріне үлкен айналма жол учаскесі арқылы рұқсат етілген бағыттарды көрсететін ақпараттық тақталарды басшылыққа алуды ұсынады.