Нұр-Сұлтан 16°
×
24.05.2022, 14:32
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада газға қосылу үшін қажетті құжаттар саны екі есеге қысқарады

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада газға қосылу үшін қажетті құжаттар саны екі есеге қысқарады
Фото: Александр Куприенко

Көгілдір отын елорданың экологиясына да, қала тұрғындарының өміріне де оң әсерін тигізеді. Үйіне газ кіргізу үшін құжат жинау мәселесі бойынша әкімдікке тұрғындар жүгініп жатады.

Осыған дейін газға қосылу үшін міндетті түрде құжаттың 8 түрі талап етіліп, іс бірнеше айға (6 айдан аса) созылып кететін. Енді осыған байланысты құжаттар тізімі қысқартылады. Бұл шара Мемлекет басшысының «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында қабылданады. Энергетика, Ұлттық экономика министрліктерінің, «QazaqGaz» ҰК» АҚ және т.б. қатысуымен Үкіметте арнайы кеңес өтіп, газға қосылу бойынша құжаттар тізімін қысқарту мәселесін қарастырылды.

Қаламызда Сарыарқа және Алматы аудандарын толықтай газдандырдық. Ол үшін 680 км-ден астам газ тарату желісі салынды, квартал ішіне желілер тартылды. 14 мың абонент газға қосылды, 6 мыңнан астам абонент техникалық шарттар алды, сол сияқты 3,5 мыңнан астам (25%-дан астам) үй газға қосылды. Осыған қатысты бірқатар жеңілдіктер қабылдадық: мұқтаж санаттағы тұрғындардың газға қосылуы үшін әлеуметтік көмек бөлінеді. Ал әлеуметтік көмек мөлшері 413 мың теңгеге дейін ұлғайды, қала тұрғындарының бәріне тегін түрде есептегіштер беріледі, сондай-ақ пайызсыз кредит беру бағдарламасы да бар. Жазда Байқоңыр және Есіл аудандарында газ құбырын тарту жұмысын бастаймыз. Мәселен Ильинка (Үркер), Өндіріс, Пригородный, Телман елді мекендері, «Family Village», «Garden Village» шағын аудандары және т.б. Сол сияқты Шұбар шағын ауданында жобалау жұмысы жүріп жатыр. Есіл және Байқоңыр аудандарында алдымен жеткізуші газ құбырын, ал келесі жылы квартал ішіне желілер саламыз, – деді А.Көлгінов.

Сонымен қатар ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де бас-аяғы 13 су жылыту қазандығы газға ауыстырылды. Ал ЖЭО-3 құрылысы қайта жанданды, құрылысы жүріп жатқан жаңа аудандарды жылумен қамтамасыз ету үшін 3 газ қазандығын жобалау жұмысы жүріп жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері