Нұр-Сұлтан 15.9°
×
23.05.2022, 20:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Балаларды қорғау күні елордада қалай аталып өтіледі

Елордада Балалар жылын сапалы, тиімді ұйымдастыру үшін қалалық жедел штаб құрылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы  мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Балаларды қорғау күні елордада қалай аталып өтіледі

Білім басқармасының басшысы Балалар жылы барысында өткен бірнеше іс-шараларды атап өтті.

Жыл басында «Қазақконцерт» орталық концерт залында 1000-нан астам бала қатысқан ХV қалалық «Шаттық-2022» Гала-концерті ұйымдастырылды. Сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау бөлімі ашылды. Сәуір айында №88 мектеп базасында аутизм диагнозы бар балаларды қолдау кабинеті мен «KOKTAL JUNIOR HALL» спорттық-шығармашылық орталығы ашылды. Бұдан басқа техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы 2 550 орынға ұлғайтылды, – деді Қасымхан Сенғазыұлы.

Сондай-ақ алдағы Балаларды қорғау күніне орай жоспарланған бірнеше іс-шараларды атады. Мәселен, «Астаналық», «Триатлон», «Жетісу», «Жерұйық» саябақтары, «Қаламгерлер», «Demalys Promenad» алаңдары, «Есіл» өзенінің жағалауларында («Арбат») мерекелік концерттік бағдарламалар мен спорттық жарыстар, конкурстар ұйымдастырылады.

«Нұрсая» тұрғын кешенінде 1500-ден астам баланы қамтитын әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының филиалы мен Кенесары көшесінде көркемсурет мектебі ашылады. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында IT бағыты бойынша «SANA» креативті білім беру орталығында 400-ден астам бала тегін білім алады. Сондай-ақ амфитеатрда 1000-нан астам бала қатысатын «BALAPAN ӘЛЕМІ» республикалық фестивалі өтеді, – деді басқарма басшысы.

Брифингте бұдан өзге балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері де қозғалды. Қаладағы 176 025 оқушыны қамтитын 92 мектепте 1-4-сынып оқушыларына арналған мектеп жанындағы және қала сыртындағы, 2 профильді, 2 шатырлы лагерлер жұмыс істейді. Сонымен қатар,  Оқушылар сарайы жанында жазғы лагерлер де 3 маусымда өз жұмысын бастайды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері