Нұр-Сұлтан 14.5°
×
23.05.2022, 12:36
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Еліміздің 350-ден астам кәсіпорны Ulttyq Onim көрмесіне қатысты

Тәуелсіздік сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, оның ішінде Astana Invest қолдауымен қазақстандық өндірушілердің жыл сайынғы Ulttyq Onim көрмесі өтті, деп хабарлады Elord.info.

Еліміздің 350-ден астам кәсіпорны Ulttyq Onim көрмесіне қатысты
Фото: қала әкімдігі

Іс-шараны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастырды.

Көрмеде азық-түлік, құрылыс, жиһаз және тоқыма өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының 350 компаниясы, мамандандырылған техника мен жабдықтар, кәдесый және полиграфиялық өнім өндірушілер таныстырылды. Олар елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін көрсетті. Іс-шара аясында «Халық Таңдауы» тәуелсіз дегустациялық конкурсы, қазақстандық жетекші өндірушілердің әйелдер және ерлер киімдерінің топтамалары ұйымдастырылды. Сол сияқты көрме қатысушылары арасында күнделікті ұтыс ойындары өткізілді.

Ulttyq Onim көрме-жәрмеңкесін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Оның негізгі идеясы – Қазақстанда өндірілген өнімдерді дамыту. Іс-шараға экономикамыздың түрлі салаларында өнім өндіретін 350-ден астам кәсіпорын қатысты. Оның ішінде 45-тен астамы – біздің экономикамыздың 8 саласының өкілі болып саналатын Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпорындары, сондай-ақ ұлттық өнімдерімізді дамытатын қолөнершілер. Бұл алаң отандық өнімдерді дамыту үшін өте пайдалы, оны халық арасында танымал ету үшін, бұл да өте маңызды, сондай-ақ одан әрі экспортқа бағытталу үшін де маңызды, - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев.

Фабрика 2011 жылы құрылған. Біз үшін тау-кен өнеркәсібіне дағдыланған аяқ киімдер өндіреміз. Көрме біздің өндірісті ұлғайтуға, облыс аумағынан тыс жоғары деңгейге шығуға үлкен мүмкіндік береді. Жұрт біздің не өндіретінімізді білу үшін мұндай көрмелерден қалмай, қатысуға тырысамыз, - деді Қарағанды аяқ киім фабрикасының қызметкері Рустам Таласбеков.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері