Нұр-Сұлтан 22.9°
×
22.05.2022, 16:13
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті қамауға алынды

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті қамауға алынды
Фото: ашық дереккөзден

2022 жылдың 19 мамыры күні сағат 20:12-де «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасына қоғамдық көлікте кәмелеттік жасқа толмаған қызға тиіскен белгісіз ер адамға қатысты шара қолдану туралы шағым түсті. Осыдан кейін полиция аталған адамды ұстау бойынша шұғыл шара қабылдады. Іздестіру жұмыстары барысында ол ұсталып, қамауға алынды, - делінген таратылған хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікке ілінген аталған 33 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзған тұрғын 10 тәулікке қамауға алынды, - деп аталып өткен.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері