Нұр-Сұлтан 9.2°
×
19.05.2022, 17:13
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астанада дайын көлік нөмірлері мен құжаттарды онлайн табыстайтын автоХҚО ашылды

Бүгін бас қалада дайын нөмірлерді, техникалық төлқұжатты және жүргізуші куәлігін онлайн беретін автоХҚО ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада дайын көлік нөмірлері мен құжаттарды онлайн табыстайтын автоХҚО ашылды
Фото: ашық дереккөзден

Ол Есіл ауданы Сауран көшесі, 7 мекен жайы бойынша № 2 ХҚО ғимаратында орналасқан.

Енді елорда тұрғындары техникалық төлқұжат, мемлекеттік нөмір алу және жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде аталған АвтоХҚО-ның бөлімінен дайын құжаттарын ала алады.

Жаңа бөлімде екі терезе қызмет көрсетеді, онда дайын нөмірлер, техникалық төлқұжаттар және жүргізуші куәліктері беріледі (құжатты жаңарту кезінде ғана, алғашқы жүргізуші куәліктері емтихандарды тапсырғаннан кейін мамандандырылған ХҚО-да ғана беріледі).

Жыл соңына дейін мұндай бөлімдерді Қазақстанның басқа да ірі қалаларында ашу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Kaspi және Halyk Homebank мобильді қосымшалары арқылы көліктерді қайта тіркеуге болады.

Жаңа бөлімде электрондық үкімет порталы арқылы тұтынушыларға тіркеу куәлігі мен жүргізуші куәлігін қайта рәсімдеу және банктік қосымшалар арқылы автокөлікті тіркеу жолдарын түсіндіретін кеңесшілер жұмыс істейді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері