Нұр-Сұлтан 9.2°
×
19.05.2022, 13:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада екі көшедегі жол учаскесі жабылады

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Қабанбай батыр және Жеңіс даңғылдарында жол төсемдерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада екі көшедегі жол учаскесі жабылады

Осы жылғы 20 мамырда жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Қабанбай батыр даңғылы бойынша Қорғалжын тасжолынан Қараөткел көпіріне дейінгі учаскедегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

Сонымен қатар, 20-22 мамыр аралығында Жеңіс даңғылындағы Бөгенбай батыр даңғылынан бастап Мәскеу көшесіне дейінгі қозғалыс толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген басқарма хабарламасында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері