Нұр-Сұлтан 9.2°
×
19.05.2022, 11:54
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Birge – taza Qazaqstan»: Экологиялық айлықтың қорытындысы шығарылды

Нұр-Сұлтанда аумақты тазалау және ағаш отырғызу бойынша «Birge – taza Qazaqstan» көктемгі экологиялық айлығы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

«Birge – taza Qazaqstan»: Экологиялық айлықтың қорытындысы шығарылды
Фото: Elorda Aqparat

Эко-айлық аясында 2 жалпықалалық (16 және 23 сәуір) және 2 коммуналдық сенбілік (30 сәуір және 14 мамыр) өткізілді. Оған 160 450 адам, 11 288 кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер қатысты. 1 429 арнайы техника жұмылдырылды.

Елорданың ҚТҚ полигондарына 3 647,54 тонна қалдық шығарылды.

Жалпы ауданы 2,7 млн м2 астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылды.

Коммуналдық қызметтермен және мердігерлік ұйымдармен келесі жұмыстар жүргізілді:

- рұқсат етілмеген стихиялық үйінділерді жою;

- жасыл желектерді отырғызу;

- кварталішілік абаттандыру, балалардың ойын және спорт алаңдарын жабдықтау, төселген тастарды, жиектастарды, шағын сәулет нысандарын және т. б. қалпына келтіру.;

- инженерлік желілер мен коммуникацияларда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде абаттандырудың бұзылуын жою;

- конструкцияларды, көпірлер мен жол өтпелерінің қоршауларын жуу, аялдамалардағы павильондарды ағымдағы жөндеу және тазалау;

- жол төсемінің зақымданған учаскелерін және жаяу жүргіншілер өткелдерін ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу;

- ҚТҚ арналған контейнерлер мен контейнерлерлік алаңдарды санитарлық тазалау;

- кабель желілерін сәйкестендіру, көше және саябақ жарықтарын бояу және жуу.

Сонымен қатар, айлық аясында 27 мыңға жуық жасыл желек отырғызылды.

Айлыққа тұрғындар, еріктілер, эко-белсенділер, ПИК және МИБ ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері