Нұр-Сұлтан 16.2°
×
24.05.2022, 15:52
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

2 маусымда елордада «ECOJER» Халықаралық конгресі өтеді

2 маусымда елордада «ECOJER» Халықаралық конгресі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

2 маусымда елордада «ECOJER» Халықаралық конгресі өтеді
фото: ашық дереккөзден

Іс-шараға әлемдік деңгейдегі тәжірибелі эксперттер, эко-активистер, мемлекеттік орган өкілдері, кәсіпорын және халықаралық ұйым өкілдері қатысады.

Диалог алаңында экологиялық реформалар, су ресурстарын басқару жүйесін модернизациялау, ұлттық экономиканы декарбонизациялау және тұрақты қаржылық инструменттер, Turk PA қатысушы-мемлекеттерінің тұрақты даму саясатындағы гендерлік мүмкіндіктер, жаңа нарықта энергияның және т.б. ресурстардың баламалы көздерін қалыптастыру сынды маңызды тақырыптар талқыланады.

Конгрестің мақсаты – экология, тұрақты даму, «жасыл» инвестициялар үлесін арттыру, экологиялық мәдениет пен қоғамның хабардарлығын арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру және тәжірибе алмасу.

Жобаның серіктестері – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, елорда әкімдігі, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы, БҰҰДБ және Түркі тілдес елдер Парламенттік ассамблеясы (TURKPA).

Бұдан бөлек, Конгресс аясында гендерлік теңсіздікті қысқарту бойынша әлемдік экономикалық форум акселераторына қосылу рәсімі өтеді.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері