Нұр-Сұлтан 14.5°
×
16.05.2022, 14:54
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қалалық балалар ауруханасында халықаралық шеберлік класы өтіп жатыр

№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында «Балалар жасындағы абдоминалдық хирургия» атты халықаралық шеберлік класы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық балалар ауруханасында халықаралық шеберлік класы өтіп жатыр
Фото: №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасынан

Шеберлік класына Аджибадем клиникасының балалар хирургі, профессор Бурак Тандер (Түркия), жоғары санатты хирург, профессор, медицина ғылымдарының докторы Владимир Котлобовский, Балалар хирургтері онлайн мектебінің басшысы, балалар хирургі Владимир Исаков қатысты.

Іс-шара Балалар жылы аясында №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы мен Стамбул қаласындағы университет клиникалары арасында жасалған халықаралық меморандум аясында ұйымдастырылды.

Қазақстандағы балаларға ота жасауға Түркиядан келдім. Хирургтар бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, білгемізбен бөліскенімізге өте қуаныштымын. Балалардың тезірек сауығып кетуін тілеймін, – деді Бурак Тандер.

Аурухана хирургтері мен Түркиядан келген дәрігер пациенттерді тексеріп, асқазан-ішек жолдарының туа біткен ақаулары (Гиршпрунг ауруы), аноректальды даму ақаулары, гепатобилиарлық хирургия, өкпенің туа біткен ақаулары туралы дәрістер өткізді.

Біздің қалалық балалар ауруханасында халықаралық шеберлік класы өтіп жатыр. Мұндағы мақсат – ота жасайтын балалар хирургтерінің кәсіби шеберлік деңгейін арттыру, халықаралық медициналық қоғамдастықпен тәжірибе алмасу, балалар хирургиясындағы жаңа технологияларды бейімдеу. Хирургтерге алдын ала балалардың диагноздарын жібердік. Білікті дәрігерлер сол арқылы ота жасап жатыр. Сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы отаны әлемнің әр жеріндегі қатысушылар үшін онлайн көрсетілім ұйымдастырылды, - дейді №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының басшысы Гүлнар Құлышева.

Сондай-ақ медициналық зерттеулердің нәтижелері бойынша бірнеше балаға аз инвазивті жаңа әдістерді қолдана отырып, ота жасалды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері