Нұр-Сұлтан 22.7°
×
14.05.2022, 12:03
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада жыл басынан бері 500-ден астам мас жүргізуші ұсталды

Жыл басынан бері елордада 49 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды. Көлікті мас күйінде басқарған 500-ден астам жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада жыл басынан бері 500-ден астам мас жүргізуші ұсталды

Бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін 1 200-ге жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылды. 1 500-ден астам автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Апаттық жағдай туғызған 600 жүргізушіге әкімшілік шара қолданылды. 7000-нан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген Полиция департаментінің ақпаратында.

Полицейлер мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, тұрақты негізде түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Жыл басынан бері «Жарқын бол» және «Назар аударыңыз, балалар» акциялары және «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. 

Биыл елорда аумағында жол-көлік оқиғаларының салдарынан 30-ға жуық кәмелетке толмаған бала зардап шегіп, бір бала көз жұмған.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді.

Мектептер мен балабақшаларға жақын жерлерде, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен, қоғамдық көлік аялдамаларынан өткенде, әсіресе аулаларда өте мұқият болыңыз, – делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері