Нұр-Сұлтан 25.3°
×
14.05.2022, 11:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады

Елорданың 14-29 жас аралығындағы жастарын «JASYL EL» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары қатарына жұмысқа шақырады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады
Фото: қалалық әкімдіктен

Жобаға 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

«Жасыл ел» қатарына бірінші кезекте көпбалалы отбасыдан, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жұмыссыз жастар қабылданады.

«Жасыл ел» штабынан жұмысшыларға тегін форма, сол сияқты 64 564 тг көлемінде айлық төленеді.

Жұмыс 1-30 маусым аралығында жүргізіледі. Жұмыс кестесі аптасына 5 күн, күніне 4 сағаттан басталады.

Өтінімдер 2022 жылдың 16 мамырынан бастап 20 мамырға дейін қабылданады. Орындар шектеулі. Оқушы жастар құжаттар мен өтінімді өз оқу орындары бойынша «Жасыл ел» жобасына жауапты ретінде бекітілген арнайы қызметкерге тапсырады.

Қажетті құжаттар тізімі:

- Баланың жеке куәлік көшірмесі немесе туу туралы куәлік көшірмесі

- Есеп шот иесінің жеке куәлік көшірмесі

- 20 сандық есеп шот туралы анықтама (тек Каспий банктен)

- Әлеуметтік жағдайын растайтын құжат (көпбалалы екендігі туралы куәлік, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін атаулы әлеуметтік төлем туралы анықтамасы)

- Баладан және заңды өкілінен өтініш (өтініш беру орнында толтырылады).

Қосымша сұрақтар бойынша жұмыс күндері 9:30-18:00 аралығында 8 778 812 13 91 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Биыл жыл сайынғы бөлінетін квотадан бөлек, «Жасыл ел» жобасы аясында 14 пен 29 жас аралығындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жеке орындар қарастырылған.

Осы санатқа жататын жастарға:

- Тегін форма;

- ай сайын 64 564 тг көлемінде айлық;

- 6 айға дейін жұмыс істеу мүмкіндігі;

- ары қарай тиімді жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.

Жұмыс орны, кестесі, уақыты, шарттары және ұсыныстар туралы толығырақ білу үшін 8 707 860 51 11; 8 775 331 32 26 телефон нөмірлері арқылы хабарласа аласыздар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері