Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Ахмет Жұбанов көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады Elorda.info.
Осы жылдың 13 мамырынан 13 маусымына дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Жұбанов көшесінде Жәнібек Тарханнан Кенесары көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген хабарламада.