Нұр-Сұлтан 25.3°
×
13.05.2022, 20:43
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Көше саудасына 1000 орын» бағдарламасы қайта қарастырылып жатыр (ВИДЕО)

Қазіргі таңда «Көше саудасына 1000 орын» бағдарламасы қайта қарастырылып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев YouTube желісіндегі El-Orda арнасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

«Көше саудасына 1000 орын» бағдарламасы бар екені белгілі. Оның операторы болып «Астана» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бекітілген болатын. Бүгінде біз осы бағдарламаны қайта қарастырып жатырмыз. Оның ішінде көлеңкелі экономикамен күрес, субарендаға тапсыру, салық секілді мәселелер ескеріледі, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ осы ретте Балтаев тұтынушы ретінде құқығы шектелген азаматтар қайда жүгінуіне болатынын атап өтті.

Тұтынушы ретінде құқығы шектелген азаматтар арыз жазып, қаладағы Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жүгінуіне болады. Оның арызы бойынша сосын арнайы топ ұйымдастырылып, болған жайт егжей-тегжейлі зерттеледі, – деді ведомство басшысы.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері