Нұр-Сұлтан 22.7°
×
13.05.2022, 08:57
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алтай Көлгінов Сарыарқа ауданының тұрғындарымен кездесті

Аудан тұрғындары толғандырған сауалдары мен ұсыныстарын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Алтай Көлгінов Сарыарқа ауданының тұрғындарымен кездесті
Фото: Александр Куприенко

Қала тұрғындары инженерлік желілер, жолдар мен тротуарлар, әлеуметтік нысандар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу, тұрғын үй кешендерін жөндеу, ықшамдалған құрылыс, аялдамалар орнату, жаңа автобус бағыттарын іске қосу, интернет, жылу және қараусыз қалған желілер секілді түрлі мәселелерді көтерді. Мәселен қаланың энергия торабын күшейту үшін 3,4 км жылу желісі салынды және қайта жаңартылды, 1000 мекенжай бойынша қараусыз қалған желілер анықталып, теңгерімге алынды.

Өздеріңіз білетіндей, Сарыарқа – халық тығыз орналасқан аудан. Мұнда шамамен 345 мың адам тұрады, жеке секторлары да бар. Экологияны жақсарту үшін газ тарату желісі салынды. Елорданың екі ауданы, оның ішінде Сарыарқа ауданы толығымен газдандырылған. Сарыарқа ауданында 1 700-ге жуық отбасы көгілдір отынға көшті. Бұл экологиялық жағынан да тиімді әрі тұрғындардың да өмірін жеңілдетеді. Бұдан бөлек тағы 2 800 отбасы техникалық шарттар алды, – деді елорда әкімі.

Биыл қалада 100-ге тарта көше салу және жөндеу жоспарланып отыр. Сарыарқа ауданында былтыр 110 көшеде жарықтандыру жұмысы жүргізілген болатын. Сол сияқты ауданда бірқатар әлеуметтік нысандар салынып, 100-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып, жөнделеді.

Кездесу барысында түскен сұрақтарды шешу мәселесін қолға алдық. Біз оларды қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлеміз. Оларды іске асыру уақытын белгілейміз, – дейді А.Көлгінов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері