Нұр-Сұлтан 9.9°
×
12.05.2022, 12:14
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Полицейлер елордалықтарға маңызды үндеу жасады

Биыл елорда аумағында балалардың терезеден құлап кетудің 4 оқиғасы тіркелген. Полицейлер ата-аналарға негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді, деп хабарлады Elorda.info.

Полицейлер елордалықтарға маңызды үндеу жасады
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 4 бала абайсызда терезеден құлап кеткен. Ювеналды полиция инспекторлары балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлап кету фактілерінің алдын алу мақсатында елорда тұрғындарына профилактикалық жұмысты тұрақты түрде жүргізіп, қауіпсіздік шаралары туралы ескертіп тұрады.

Жазатайым оқиғалардың көп бөлігі ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауына байланысты болады. Бала ересектердің көз алдынан кеткенде, терезе ашық кезде жалғыз қалғанда, құлап кету қаупі өте жоғары, – делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ата-аналарға баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғау керектігі жөнінде кеңес береді:

- егерде балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Сіз өзіңізді қасындамын деп ойлайсыз, бірақ сіздің ойыңыз бөлінген аз ғана уақыт балаңыздың өмірінде өлімге әкелуі мүмкін;

- ешқашан москит торларына сенбеңіз балалар оларға сүйеніп, онымен бірге құлап кетеді;

- балаңыз терезені өз бетінше аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғау жүйелерін (бекіткіштер, бұғаттауыштар) орнатыңыз;

- баланың өздігінен терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеден алысырақ жерге орналастырыңыз;

Оқи отырыңыз: Елордада ер адам 8-қабаттан құлаған қызды қағып алды (ВИДЕО)

Айта кетейік, Алтай Көлгінов кішкентай қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа алғыс айтты.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері